Аймақтар • 25 Тамыз, 2018

Қызылордада «Жасөспірім » жедел-профилактикалық шарасы басталады

580 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тамыз айының 27-і мен қыркүйек айының 5-і күндері аралығында облыс көлемінде «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы басталады.

Қызылордада «Жасөспірім » жедел-профилактикалық шарасы басталады

Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың, оның ішінде топтық төбелес, бопсалау деректерінің алдын-алу, ескерту, жолын кесу, сондай-ақ құқыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу, кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз ойын-сауық мекемелері мен тұрғын үй-жайлардан тыс аумақта болу деректерін анықтау болып табылады.

«Жасөспірім» өткізу барысында кәмелетке толмағандармен және олардың қатысуымен жасалған құқық бұзушылықтарды, кәмелетке толмағандарға қатысты басқа да құқыққа қарсы әрекеттерді анықтау мақсатында жасырын сауалнамалар жүргізіледі.

Іс-шара кезінде облыс көлемінде жергілікті полиция қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып кәмелетке толмағандардың көп жиналатын орындарында рейдтік іс-шаралар өткізу жоспарлануда.